Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды

Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында қала тұрғындары жарықты видеоға түсірген болатын. Видео 23 қарашада түнгі сағат үштерде түсірілген.

Реклама
Реклама

Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі операторының баспасөз қызметіндегілер KEGOC АҚ "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ-на тиесілі желіде қысқа тұйықталу болғанын айтты.

"Бұл ретте пайда болған кернеу KEGOC Шығыс ААЭЖ АҚ филиалының № 18 қосалқы станциясында кабельдің соңғы жалғастырғышының 35 киловатт тұйықталуына алып келді. Нәтижесінде қысқа тұйықталу сәтінен бастап кабель өшірілгенге дейін 10-20 секунд ішінде жарқыл пайда болды. Зардап шеккендер жоқ, тұтынушыларда электр қуаты өшкен жоқ. Қосалқы станция штаттық режимде жұмыс істейді", - деп хабарлады компаниядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама