Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адам қаза тапты

Камила Долаева Журналист
Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адам қаза тапты © instagram.com/irush_ya

Шереметьево әуежайында "Аэрофлот" компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағымен болған апатта 41 адам қайтыс болды. Бұл туралы РФ ТК Мәскеу өңіраралық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Елена Марковская мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

"41 адам", - деп жауап берді ол журналистердің сұрағына.

4 экипаж мүшесі және 33 жолаушы аман қалды.

Жарнама
Жарнама

Құрбандардың бірі - жолсерік Максим Моисеев, - деп жазады Вести.ru тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, ол соңына дейін жолаушыларды жанып жатқан ұшақтан шығарған. Оған әріптестері Татьяна Касаткина мен Ксения Фогель көмектескен. 

© ВК желісіндегі парақша

Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шықты. 

Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бортта болған 78 адамның 37-і тірі қалғанын хабарлады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама