Шешесіне құрметсіздік көрсеткен қарағандылық 4 күнге қамалды

Шешесіне құрметсіздік көрсеткен қарағандылық 4 күнге қамалды

Шешесіне ??рметсіздік к?рсеткен ?ара?анды облысыны? т?р?ыны ?кімшілік жаза?а тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шет ауданды? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шешесіне құрметсіздік көрсеткен Қарағанды облысының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соттағылардың мәліметінше, ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтқан.

Шет аудандық сотында ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігі бойынша ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер") әкімшілік іс қозғалды.

Жарнама
Жарнама

Соттың үкімімен ер адам айыпты деп танылды. "Әкімшілік жаза ретінде 4 күнге қамауға алынды", - деп хабарлады соттағылар.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама