Сеул - Алматы рейсінің жолаушылары жолсерікті балағаттады
"Эйр Астана" әуе компаниясындағылар Сеул - Алматы бортында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Эйр Астана" әуе компаниясындағылар Сеул - Алматы бортында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Эйр Астана" қызметкерлерінің айтуынша, Сеул - Алматы КС 960 рейсінде 20 қыркүйекке қараған түні алты адамнан құралған бір топ қыз-жігіт борт қызметкерлерін балағаттап, жұмыс істеулеріне кедергі келтіріп, өзге жолаушыларға ыңғайсыздық келтірген.
"Жасағат әрекеттеріне байланысты оларға алкогольдік сусындар берілмеді. Видеоға түсіп қалған жолаушы қыз жолсерікті жеткенше балағаттап, күш көрсететінін айтқан. Жолаушыға қатысты ескерту актісі жасалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жолаушы Алматы әуежайында ішкі істер органдарына берілді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде видео тарады, одан жолаушының жолсерікті балағаттағанын көруге болады. Қыз былай деді: "Алкогольдің қатысы қанша? Мені дұрыстап тамақтандыр".