Шахтинск қаласында полицей көлігімен адам қағып кетті
Қарағанды облысында полицей ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында полицей ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 қыркүйек сағат 00.51-де Қарағанды - Шахтинск автожолында Шахтинсктан сегіз шақырым жерде болды.
"BMW 525 автокөлігінің жүргізушісі, ІІМ Қарағанды облысы бойынша МКҚБ (Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы) батальонының 28 жастағы полицейі Шахтинсктің 25 жастағы тұрғынын қағып кетті", - деп хабарлады ІІД мамандары.
Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.