18 мамыр 2021 | 09:03

Шахтинскіде екі баласы бар 24 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

© ekaraganda.kz

Шахтинск қаласында (Қарағанды облысы) 24 жастағы жергілікті тұрғын Ақжарқын Қайдарова жоғалып кетті. Бұл туралы ekaraganda.kz басылымына Ақжарқынның күйеуі Нұртас Қайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шахтинск қаласында (Қарағанды облысы) 24 жастағы жергілікті тұрғын Ақжарқын Қайдарова жоғалып кетті. Бұл туралы ekaraganda.kz басылымына Ақжарқынның күйеуі Нұртас Қайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның сөзінше, 15 мамырда, күндіз оның әйелі үйден шығып, Шахтинскінің 26 ықшам ауданында тұратын әкесіне кеткен. Ол келіп, үй жинап, артынша дүкенге азық-түлік алуға шығып кеткен. 

Дүкендегілер Ақжарқынды көрген, артынша ол жоғалып кеткен. Содан бері Ақжарқын үйге оралмаған. 

Реклама
Реклама

Ер адам әйеліне үш сағат бойы хабарласқан кезде телефоны қосылу тұрған, алайда ешкім тұтқаны көтермеген. Содан кейін сағат 20.00 шамасында телефон сөндірулі болған. 

"Әкесінің үйінен шамамен 16:30-да шығып кеткен. Мен оған үш сағат бойы хабарластым, ешкім жауап берген жоқ. Сосын телефон өшіп қалды. Бұған дейін ол ешқашан үйден кетпеген. Егер құрбыларымен бір жерге барғысы келсе маған ескертетін. Ол жауапты қыз, баласын тастап кетпейді, үлкеніміз алтыда, кішіміз төрт жаста", - дейді Нұртас Қайдаров.  

Полиция департаменті өкілдері арыз түскенін растап, жоғалған келіншек табу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.  

Ақжарқын Қайдарованы көрген адамдар мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 8 778 405 12 13, 8 708 160 21 70 немесе 102. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная