11 қаңтар 2024 17:54

Шамалған ауылында тұрғындар ер адамды педофил деп ойлап, соққыға жыққан

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шамалған ауылында ер адамды педофил деп ойлап, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шамалған ауылында ер адамды педофил деп ойлап, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео тараған болатын. Шамалған ауылының тұрғындары "педофилді" қылмыс орнында ұстадық деп мәлімдеді. Кадрда соққыға жығылған ер адамның жерде жатқанын көруге болады. Кейін ер адамды полиция алып кеткен.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты толық мәлімет берді.

Оқиға 2 қаңтарда болған. Қарасай аудандық Полиция басқармасына Шамалған ауылының 34 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, мас ер адам жеке үйдің ауласына кіріп, кәмелетке толмаған қызын қорқытқан.

"Сол күні аудандық полиция бөліміне арыз тіркеліп, жедел іздестіру шаралары барысында 1998 жылы туған П. ұсталған. Ол көшеге шығып, мас күйде жолды қысқартпақ болып, арыз берушінің ауласынан өтуді ұйғарған. Бұл ретте үйдің қоршауы болмаған. Осы кезде оны кәмелетке толмаған қыз көріп, қорықанынан туыстарын шақырған, олар мән-жайды білмей ер адамды соққыға жыққан", - деп хабарлады полиция.

Қазір процессуалдық сараптама аяқталды. Ұсталған азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысы анықталмады.

"Ол арыз беруден бас тартты. Бұл факт де аудандық полицияға тіркелді", - деп қосты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram