24 қараша 2021 | 09:09

Шар қаласындағы төбелес: ШҚО полицейлері пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған көрінеді. Төбелеске кем дегенде 20 адам қатысқан. Видеодан айғай-шу естіліп, шамдардың жарқылы көрінеді. Кейбірі төбелестен қашуға тырысады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мәліметінше, 21 қарашада Жарма ауданы Шар қаласында тұрғындар арасында жанжал шығып, соған байланысты оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілген.

Реклама
Реклама

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бір топ адам жасаған бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды.

"Залал келгені немесе зардап шеккені туралы арыздар түскен жоқ, қылмыстық істі тергеу және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деді департаменттегілер.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған!

Шар - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы қала. 2019 жылғы жағдай бойынша, халық саны 7 мыңға жуық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная