29 мамыр 2021 | 23:13

Шарын шатқалында бір топ адам селмен ағып кеткен видео пайда болды

Видео кадрлары. © youtube/Talgat Uali

Шарын шатқалында лай сел жүріп екі адам қаза тапты және тағы алтауы жарақат алып, біреуі хабар-ошарсыз кеткен. Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шарын шатқалында лай сел жүріп екі адам қаза тапты және тағы алтауы жарақат алып, біреуі хабар-ошарсыз кеткен. Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода сел шатқалдың түбінде қалай тез жүргенін көруге болады. Сонымен қатар, төмендегі балшық ағынының жанында бір топ турист тұр, олардың кейбіреуі уақытында баурайға көтеріле алмай қалған. Видеода сел қарқынымен адамдарды ағызып өткенін көруге болады.

"Қандай өзен ағып жатқанын қараңыз. Бұл өте қауіпті. Адамдар ағып кетті. Ойбай", - деген дауыс естіледі кадр сыртында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, апат 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде болған. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр жауып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен.

Алматы облысының ТЖД жедел штабы құрылды, 8 (7282)22-02-13, 22-02-18 телефондары бойынша психологиялық қолдау жедел желісі жұмысы ұйымдастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная