Шекарашылардың қатысы бар жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шекарашылардың қатысы бар жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды ©Владимир Прокопенко

Маңғыстау облысында шекарашылардың қатысуымен болған жол апаты кезінде қарсы бағытқа шығып кеткен "КамАЗ" жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ол "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін бұзып, абайсыздықта кісі өліміне соқтыруы" бабы бойынша айыпталып отыр. Жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. "Одан ешқайда кетпеуі жөнінде қолхат алынды. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

Еске сала кетейік, бұл жол апаты 30 қазан күні Бейнеу елді мекенінде болды. "КамАЗ"-дың 28 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, №2087 әскери бөлімнің шекарашылары мен олардың балалары отырған "УАЗ" автокөлігіне соқтықты. Оқиға салдарынан 30 жастағы ер адам мен оның алты жасар баласы қайтыс болды. Екеуі де жан сақтау бөлімінде көз жұмды. "УАЗ" жүргізушісі шекара қызметінде келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатқан. Басқа жолаушылар түрлі дене жарақатын алды. "КамАЗ" жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама