28 мамыр 2021 | 14:32

Шенеуніктің ұлы адам қаққаны үшін айыппұлмен құтылды

Фото: facebook.com/sara.bersan.1

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты оқиға қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты оқиға қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"30 сәуірде Түркістан көшесінде 2004 жылы туған кәмелетке толмаған баланы қағып кету дерегі бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысы шықты. Оған сәйкес 16 жастағы балада дене жарақаты анықталған жоқ.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінен ЖКО дерегі бойынша жүргізушіге шағымдары жоқ екені және одан әрі тексеруден бас тартатыны туралы жазбаша өтініш келіп түсті", - деді департамент өкілі.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 600-бабы "Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Айыппұл 10 АЕК - 29 170 теңге.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін көргені туралы жазба жариялағаны хабарланған болатын. Ол көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы болғанын айтқан еді.

"Жай ғана жасырынған емес, фитнес-орталықтың маңына тұрақтап, одан әрі спортпен шұғылданбақ болды. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген тағы бір қызбен оның есін жиып, жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық", - деп жазды ол.

Кейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дамир Нұрғалиев Toyota көлігіндегі ұлы Нұр-Сұлтандағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткенін растады.

"Мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы лауазымын атқарамын және "жоғары лауазымды шенеунік" саналмаймын. Бұл жағдайды жол-көлік оқиғасы ретінде анықтау, оның біліктілігі және барлық жағдайы тиісті шешім қабылдайтын құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді", - делінген Нұрғалиевтің хатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная