Шетелде іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қылмысқа тосқауыл" жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Астана криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады.

"Жеке басын анықтау және қосымша тексеру жүргізу үшін аталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру барысында оның 2023 жылғы мамырдан бері іздеуде жүргені анықталды.

Ол – жүргізуші куәлігі жоқ және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама