22 қараша 2018 10:33

ШҚО-да 19 жастағы сарбаз атылып өлген: Тергеу басталды

Борышын өтеуге биыл мамырда шақыртылған 19 жастағы сарбаз 17 қарашада шекара заставасына қайтып келе жатқан жолда атылып өлген. Бұл мәліметті ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомство мәліметінше, жігіт Алматы облыстық Қарасай ҚІО-дан шақыртылған.

Реклама
Реклама

"Бекітілген автоматпен оң жақ кеуде тұсына оқ атқан. Оны Зайсан қалалық орталық аудандық ауруханаға шұғыл тасымалдау шарасы жүргізілген. 14.00-де жедел жәрдем дәрігерлері орталық ауруханаға алып бара жатқан жолда сарбаз қайтыс болды, диагнозы - оң жақ кеуде тұсына оқ тиген", - делінген хабарламада.

Өлім дерегі бойынша әскери тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер әлі анықталмаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram