01 маусым 2022 13:10

ШҚО-да алты бала ұйықтап жатқан үйде өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ШҚО-да алты бала ұйықтап жатқан үйде өрт шықты. Үй иесі өртті өзі өшірмек болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да алты бала ұйықтап жатқан үйде өрт шықты. Үй иесі өртті өзі өшірмек болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға 31 мамырда Глубоковский ауданындағы Белоусовка ауылында болған. 

Өрт шыққан кезде үй иесі аулада жүрген. Әйел түтінді көре салып, үйге қарай жүгірген: онда алты бала ұйықтап жатқан. Үйге көмірқышқыл газын анықтау құрылғысы орнатылған екен. Дабыл дыбысын естіген бірнеше бала өзі оянған.

Реклама
Реклама

"Қалғандарын анасы оятып, бәрін сыртқа шығарды", - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бастапқыда әйел өртті өз бетінше өшірмек болған, ал өрт сөндірушілерді көршілер шақырған.

Өрт шыққан жердің жалпы аумағы - 120 шаршы метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram