ШҚО-да балалар отырған автобус жүк көлігімен соқтығысты

Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысында балаларды тасымалдап келе жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында балаларды тасымалдап келе жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Автобус балаларды Өскеменнен Шемонаиха ауданына спорт жарысына апара жатқан. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып, автобуспен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті. 

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан 8 бала зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді, диагноз анықталады.

"Қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендердің саны анықталады", - дейді Полиция департаментінің өкілдері. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында 45 жолаушы отырған автобус аударылғаны хабарланған

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама