05 қараша 2021 | 14:43

ШҚО-да жаңа туған сәби қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ауруханада жаңа туған сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ауруханада жаңа туған сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті растап, сәбидің өліміне қатысты соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"4 қарашада Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімі "Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК қызметкерлеріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады", - делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, департамент өкілдері қазіргі уақытта қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын, "істі жан-жақты, толық және объективті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын" айтты.

"Бұл ретте денсаулық сақтау субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәлімет жария етуге жатпайды", - деді ШҚО ПД өкілдері.

Полицейлер қайғылы оқиға 2 қарашада болғанын мәлім етті. Бала өлі туылған. Сәбидің ата-анасы полицияға жүгінбеген. Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бұл іс жария болған соң тергеуді бастаған.

Айта кетейік, мұндай қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет болып отырған жоқ. Үш апта бұрын Өскемендегі Ана мен бала орталығында босанған әйел Айжан Мержақыпова құрсағындағы баласымен қайтыс болды. Туыстары олардың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная