ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2020 | 11:27
ШҚО-да жаңбыр кезінде жол апатынан төрт адам қаза тапты
ШҚО-да Toyota Land Cruiser мен ВАЗ соқтығысып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Yk-news.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО-да Toyota Land Cruiser мен ВАЗ соқтығысып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Yk-news.kz.
"15 мамыр күні Омбы-Майқапшағай тас жолының 816-шы шақырымында Семейден 50 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды. Жарма ауданының полиция қызметкерлері жаңбыр кезінде жол дұрыс көрінбегендіктен Семейден келе жатқан Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлігі мен Шар қаласы жағынан келе жатқан ВАЗ-2115 көлігі соқтығысқанын анықтады", - деп атап өтті полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 31 жастағы ВАЗ-2115 жүргізушісі мен үш жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бала оқиға болған жерде көз жұмды.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне "абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеу басталды, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.
35 жастағы Toyota Land Cruiser 100 жүргізушісі ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также