ШҚО-да жартастар арасына қысылып қалған бала құтқарылды

Фото: gov.kz

ШҚО-да 12 жастағы бала жартасқа шығып, қыстырылып қалды. Ол сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақырған. Олар өз кезегінде құтқарушыларға хабар берген, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ШҚО-да 12 жастағы бала жартасқа шығып, қыстырылып қалды. Ол сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақырған. Олар өз кезегінде құтқарушыларға хабар берген, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Басылым мәліметі бойынша, оқиға Глубокое ауылында болған. Бала жалғыз ойнап жүріп, жартасқа шығып кеткен. Алайда ол жерден түсе алмағандықтан, айғайлап көмек шақырған. Куәгерлер оқиға орнына құтқарушыларды шақырды.

"23-ӨСБ қызметкерлері құтқару арқаны көмегімен баланы шығарып алды. Баладан жарақат іздері табылған жоқ", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

ТЖД өкілдері балаларды жалғыз қалдыруға болмайтынын екертті. Су айдындарында, үйде және көшеде оларды бақылау қажет. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласқаныңыз жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама