15 маусым 2020 | 12:06

ШҚО-да жасөспірімді найзағай ұрып, қайтыс болды

Фото: vesiskitim.ru

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімді найзағай ұрып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімді найзағай ұрып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 14 маусымда Абай ауданы Қасқабулақ аулында болған. 

Реклама
Реклама

"2004 жылы туған жасөспірім атпен мал жайып жүрген. Оны найзағай ұрған, қайтыс болды", - дейді құтқарушылар.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада Қазақстанда балаларға қатысты 9 қайғылы оқиға тіркелген. 6 жаспөспірім ауруханаға жатқызылса, 5 бала қайтыс болған.

14 маусымда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Үйдің ауласында ойнап жүрген 2017 жылы туған баланы ток соққан. Бала ауруханада қайтыс болды.

13 маусым күні кешке Көкшетау қаласындағы бесқабатты үйде өрт шыққан. 2012, 2014, 2016 жылғы балалар ата-ананың қарауынсыз үйде қалған. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер бір баланың өмірін аман сақтап қала алмаған.

13 маусымда Шымкент қаласындағы Самал-3 шағын ауданында 25 литрлік су бөшкесіне 2019 жылы туған бала түсіп кеткен. Салдарынан ол тұншығып өлген.

Осы күні кешке Атырау қаласында 2 метрлік шұңқырға 5 жастағы қыз құлаған. Ол оқиға орнына қаза тапты.

13 маусым күні Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің подъезінде 1 жасар бала сегізінші қабаттан бесінші қабатқа құлаған. Қазіргі таңда ол ауруханада емделіп жатыр.

Қарағандыда 2017 жылы туған бала үйдің екінші қабатынан құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды.

13 маусым күні кешке осыған ұқсас жағдай Қызылорда қаласында тіркелді. 2018 жылғы бала үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ол да ауруханаға жатқызылды.

14 маусым күні Павлодар облысы Аққулы ауылында 3 метрлік септикке бір жасар бала құлаған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше оны туғандары септиктен шығарған. Қазіргі таңда ол ауруханада жатыр.

Төтенше жағдайлар комитеті ересектерге қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная