04 сәуір 2019 10:43

ШҚО-да жаяу жүргінші екі рет көлік астына түсіп, қаза тапты

Өскеменде жаяу жүргінші екі рет көлік астында қалып, қайтыс болды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Оқиға 2 сәуірде кешкі 20:30-да Глубокое ауданында болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жаяу жүргінші екі рет көлік астында қалып, қайтыс болды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Оқиға 2 сәуірде кешкі 20:30-да Глубокое ауданында болған.

"Ravon R4 маркалы автокөліктің 52 жастағы жүргізушісі Согра ауылына барар жолда рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен", - деді Өскемен полиция басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Соққы салдарынан жаяу жүргінші жолдың арғы бетіне ұшып кеткен. Осы кезде онда Nissan автокөлігі кетіп бара жатқан. Өкінішке қарай, шетелдік автокөліктің жүргізушісі көлікті тоқтатып үлгермей, адамды қағып кеткен. 

"Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Тергеу жүріп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram