18 мамыр 2021 08:24

ШҚО-да жоғалып кеткен балалар өлі табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған екі баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған екі баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 мамырда түстен кейін Үржар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Елтай ауылында үш жасар екі бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері бірден іздестіруге кірісті, көмекке жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар келді.

Реклама
Реклама

Іздеу нәтижесінде балалардың мәйіті үйінен 350 метр қашықтықта бақша алқаптарын суаруға арналған арықтан табылды.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram