ШҚО-да жол апатынан 6 адам зардап шекті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қаңтарда кешке Алтай қаласында екі көлік соқтығысқан. 

"Жол апаты 20.40 шамасында болды. 24 жастағы "ВАЗ" жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mitsubishi маркалы автокөлігімен соқтығысқан", - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақатымен, бас-ми жарақатымен, бас миының шайқалуымен ауруханаға жеткізілді.

ШҚО ПД қазір сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама