ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2018 | 17:08
ШҚО-да жол реттеушінің әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырды
Өскеменде полицей жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарда жарияланды. Осы ретте ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жол реттеушінің әрекетіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YK-news.kz сайтында жол-патрульдік полиция қызметкерінің көліктердің қозғалысына жол бермей, кортежді өткізіп жібергені түсірілген видео пайда болды. Жол реттеуші барлық көлік үшін қозғалысты тоқтатқан, оның ішінде жедел жәрдем көлігі де бар.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері полицейдің тыйым салынатын белгіні көрсеткенде жедел жәрдем көлігі болғанын көрмегенін айтады.
Олардың айтуынша, қызметкер жедел жәрдем көлігін көрген соң ғана жіберген. Ал басқа көліктерді өткізбеген.
Алайда куәгерлер түсірген видеода полицейдің кортеж өтіп кеткенше, барлық көлік құралын өткізбей тұрғанын көруге болады. Жедел жәрдем көлігі тек кортеж өткен соң жүрген.
Показать комментарии
Читайте также