ШҚО-да қалаға қайта алмаған жаттықтырушылар мен балалар құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
ШҚО-да қалаға қайта алмаған жаттықтырушылар мен балалар құтқарылды ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары ауа райына байланысты қалаға қайта алмаған спорт клубының жаттықтырушылары мен балаларға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құтқарушыларға Глубокое ауданы Топчиха ауылындағы балаларға арналған спорт клубтарының бірінде 2 жаттықтырушы мен 8 бала қалғаны, олар ауа райы қолайсыздығынан ауылдан Өскеменге орала алмай жатқаны туралы хабар келіп түскен. Олардың азық-түлігі таусылған. Көмекке ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "ШЕРП" техникасымен келген. Құтқарушылар жаттықтырушылар мен балаларды қалаға аман-есен жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама