11 ақпан 2021 | 11:52

ШҚО-да қар көшкінінен турист қаза тапты

Фото:instagram.com/shygysqaz_tjd

ШҚО-да қар көшкіні кезінде турист қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да қар көшкіні кезінде турист қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 ақпанда облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетті. Демалушылардың бірін қар басып қалған.

"Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, тікұшақ күн бұлтты болып, бораннан ештеңе көрінбегендіктен 16.23-те қонуға мәжбүр болған. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып, зардап шеккен адамға жеткендерін және қар астында қалған 1979 жылғы ер адамның денесін алып шыққандарын хабарлады.

Кейін саяхатшылар нақты координаттарын жіберіп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті. 

"11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар, 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға атанды", - деді Талғат Уәли.

ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасағаны хабарланды.

ҚР ТЖМ өкілдері мынадай ескерту жасады:

- Қолайсыз ауа-райы, қар кезінде тауға шықпаңыз;
- Қатты жел және жылымық кезде;
- Тауда жүрген кезде ауа райын қадағалаңыз;
- Тауға шыққан кезде баратын ауданды, көшкін жүруі ықтимал орындарды біліңіз. Ол көбінесе беткей еңісі 30°градустан асса жиі болады, егер де беткейде бұталар мен ағаштар болмаса – еңісі 20°. Беткей еңісі 45° асатын болса көшкін әр қар жауған сайын жүреді.

Ал көшкінге тап болсаңыз:

- Көшкін жүргенін көрсеңіз жолынан көлденеңінен қарай қашуға тырысыңыз;
- Төмпешік, қуыс болса тасасына тығылып қалыңыз;
- Көшкіннен қашып кете алмасаңыз – артық заттардан арылыңыз;
- Мұрын мен ауызды қолғаппен жабыңыз, көшкінде келе жатып қолмен жүзу қимылдарын жасаңыз және қолдарыңызды жоғары шығаруға тырысыңыз;
- Көшкін тоқтаған кезде беттің маңайына, кеуде тұсына кеңістік қалдырыңыз, ол тыныс алуға мүмкіндік береді;
- Мүмкіндік болса жоғарыға қатарй ұмтылыңыз (оны сілекейдің көмегімен анықтаңыз); көшкінде қалғанда айғайламаңыз, қар дыбысты толық сіңіріп алады, айғай мен ретсіз қимылдар күшіңіз бен оттегін, жылуды сарқылтады.
- Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная