20 наурыз 2021 16:05

ШҚО-да қатты желден құс фабрикасының төбесі құлап түсті

© 24.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Глубокое ауданында секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғып, Предгорное ауылында орналасқан құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып жіберген.

Реклама
Реклама

"Ғимараттың жалпы ауданы 680 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін ТЖД мамандары өңір жұртшылығына дауылға байланысты ескерту жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram