03 қаңтар 2020 | 12:00

ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында көлікке баллон байлап сырғанап, жол апатына ұшыраған екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды yk.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында көлікке баллон байлап сырғанап, жол апатына ұшыраған екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды yk.kz.

Қайғылы оқиға Бесқарағай ауданында болды. Үш жігіт тасжолда көңіл көтермек болған. Nissan Terrano автомобилінің 19 жастағы жүргізушісі рәзіңке баллонды көлігіне байлап, 2001 және 2002 жылғы достарын отырғызған. 

Реклама
Реклама

Стеклянка ауылынан жеті шақырым жерде Семей-Дөлен тасжолында жігіттер жолдың қарсы бетіне өтіп кеткен, онда Nissan X-trail автомобилі келе жатқан. Баллон көліктің дәл астына түскен. Жігіттер оқиға орнында қаза тапты. 

19 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная