12 қазан 2023 | 14:56

ШҚО-да қос азаматтығы бар әйел екі елден зейнетақы алып келген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ресей азаматтығындағы әйел Қазақстанда 20 жылға жуық зейнетақы төлемін алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей азаматтығындағы әйел Қазақстанда 20 жылға жуық зейнетақы төлемін алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан полицейлері қазанның басында қос азаматтығы бар заңбұзушыны анықтады. Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алғаны анықталды. Сонымен қатар, 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткен әйел Қазақстаннан және Ресейден де зейнетақы төлемдерін алып отырған. Мемлекетке келтірілген залал 13 миллион теңгеден асады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта шетел азаматынан Қазақстан құжаттары тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы құжат тіркелді. Бұдан басқа, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Нұрлан Жеңіқсанов.

Айта кету керек, ШҚО-да жыл басынан бері 45-тен аса адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе еліміздегі шетел мекемелеріне хабарлау қажет екенін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram