08 қараша 2018 | 10:22

ШҚО-да мектеп асханасының қызметкері туберкулезбен ауырған

© mega-u.ru

Шығыс Қазақстан облысы Бобровка ауылында мектеп асханасының қызметкері туберкулезбен ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Бобровка ауылында мектеп асханасының қызметкері туберкулезбен ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мектептегілердің күтпеген жерден флюрография мен манту сынамасын жасатуы ата-аналарды алаңдатқан.

Реклама
Реклама

Мектеп әкімшілігіндегілер бұл мәліметті растады. Айтуларынша, науқасты жұмысқа алғаны үшін жауапкершілікті асхананы жалға алған адам алады. Туберкулез диагнозы қойылған әйел тексерістен 3 қыркүйекте өткен.

Ал оның науқас екені жайлы тек қазан айының ортасында белгілі болған. ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілердің мәліметінше, ол 8 қазанда Винное ауылында жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінген.

Кейін 16 қазанда әйел адам тағы да ауырып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Ренгтген жөтел мен дене температурасының көтерілуіне бронхит емес, туберкулездің жұқпалы түрі себеп екенін көрсеткен. Әйел бірден облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жіберілген.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ол стационарлық ем алып жатыр. Осы дерек бойынша асхананың барлық қызметкері медициналық тексерістен өтті. Нәтижелері дұрыс.

Сондай-ақ, асхананың жалған алған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғаны айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная