29 тамыз 2020 16:00

ШҚО-да орға құлаған жылқы құтқарылды

Фото: ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында орға құлаған жылқы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында орға құлаған жылқы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 29 тамызда таңертең болған. Алдымен жылқының иесі малды өз күшімен ордан шығаруға әрекет жасаған. Алайда ор өте тар және терең болыпты. Кейін ол облыстық төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұраған.

Реклама
Реклама

"Жылқы шалқасынан құлап, орнынан тұра алмады. Құтқарушылар келген кезде ол әрең демалып жатты. Сондықтан шұғыл әрекет ету қажет болды. Мамандар жылқыны құтқаруға кірісті", - делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдымен мамандар жануардың аяғын арқанмен байлап, оны орнынан тұрғызуға әрекет жасаған. Алайда ол ордан тұра алмаған. Мұны көрген құтқарушылар сүйменді алып, орды кеңейте бастапты. Нәтижесінде жылқы орнынан тұрып, демала бастаған. Кейін мамандар оны ордан шығарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram