ШҚО-да жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскемен – Риддер тасжолында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып, қауіпсіз арақашықтықты ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
"Жүргізушінің бұл әрекеті өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, апаттық жағдайға себеп бола жаздады. Тексеру барысында аталған құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталанып жасалғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Жүргізуші заң аясында жауапкершілікке тартылды.
Полиция барлық жүргізушіні сақ болуға, басып озу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!