ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2019 | 11:00
ШҚО-да пойыз жеңіл көлікті соқты: Оқиғаның мән-жайы анықталды
ШҚО-да желілік полиция бөлімінің өкілдері көлікті пойыз соққан апаттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды YK-news.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО-да желілік полиция бөлімінің өкілдері көлікті пойыз соққан апаттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Еске салайық, Шығыста жүйіткіген пойыз жеңіл көлікті соққан болатын. Көлік тізгінінде 70-ке қараған қарт кісі отырған. Абырой болғанда, зейнеткер аман қалды. Жантүршігерлік жол апаты таспаға түсіп қалды. Ал 68 жастағы зейнеткер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жазылып шыққан соң кінәлі жүргізуші жауапкершілікке тартылады екен.
"Жеңіл көліктің 68 жастағы жүргізушісі жолаушылар пойызының жақындап қалғанына қарамастан шойын жолды кесіп өтпек болған. Одан қалды, жүргізуші бағдаршамның қызыл жанып тұрғанын көрген де екен, алайда дәл сол сәтте көлік тұрып қалған. Пойыз сүйреген көліктің сау-тамтығы қалмады", - деп хабарлады "Өскемен-1" станциясы желілік полиция бөлімінің аға инспекторы Лариса Бектасова.
Жол апаты салдарынан тек жеңіл автокөлік емес, пойызға да зақым келген. Қуанышқа орай, жолаушылар дін-аман.
Показать комментарии
Читайте также