ШҚО-да ресейлік және қазақстандық вагондар рельстен шығып кетті

Фото:facebook.com/ktzh.kz

Шығыс Қазақстан облысында вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 сәуірде сағат 10:35-те Шығыс Қазақстан облысының Алтай - Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған. 

"Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам сағатына 28 шақырым баяу жылдамдықпен жүрген.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары кідірмеді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Вагондар не үшін рельстен шығып кеткені анықталады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама