ШҚО-да шұңқырға құлаған жылқы мен құлынын құтқарушылар шығарып алған

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 240
comments icon 0

Семейде шұңқырға құлап, шыға алмай қалған жылқы мен құлынын құтқарушылар шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде шұңқырға құлап, шыға алмай қалған жылқы мен құлынын құтқарушылар шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үй иесі жануарларды шығаруға шамасы келмеген соң құтқарушылар көмегіне жүгінген.

"Оқиға Семейдегі Степной ауылында болды. Құлыны бар жылқы шұңқырға түсіп кеткен. Құтқарушылар жануарларды шығаруға көмектесті", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Мамандар оқиға орнына дереу жеткен. ТЖД мәліметінше, олар жылқыларды шұңқырдан шығару үшін тауға өрмелеуге арналған құралдарды пайдаланған.

"Жылқыларды байлап, шұңқырдан шығарып алды. Жануарлар аман, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная