14 желтоқсан 2022 | 09:40

ШҚО-да тұрғын жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында жылқы іздеуге шыққан жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында жылқы іздеуге шыққан жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 13 желтоқсанда таңертең Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі аумағында болған.

"Таңғы сағат 8-дер шамасында Қарасай ауылынан 15 шақырым жерде 2001 жылы туған жігіт үйінен жылқы іздеп шығып, қайтып оралмаған. Оны іздеуге ТЖД-нің жеті құтқарушысы, бір полицей және әкімдіктің төрт қызметкері жіберілді. Боран мен бұрқасын кезінде олар жоғалған адамды күні бойы іздеді. Жігіт 14 желтоқсанға қараған түні сағат 01:00 шамасында табылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Жігіт медициналық көмекке мұқтаж болмағаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram