10 мамыр 2021 21:33

ШҚО-дағы алапат өрт: қаза болғандар туралы ақпарат тарады

Риддерде түсірілген фото. © ҚР ТЖМ жолдаған сурет

Шығыс Қазақстан облысында алапат орман өрті Риддер қаласының аумағындағы Лесхоз елді мекенінің тұрғын үйлеріне тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт 14 үйге көшкен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында алапат орман өрті Риддер қаласының аумағындағы Лесхоз елді мекенінің тұрғын үйлеріне тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт 14 үйге көшкен.

"Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, реанимация бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері шатырдан 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тапты, мән-жайы мен деректер нақтыланып жатыр", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ведомство мәліметінше, жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жеткен. Оның айтуынша, өртті сөндіруді секундына 20 метрге жететін қатты жел қиындатып отыр. 

Реклама
Реклама

Өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиаорманқорғау тікұшақтары тартылған, 12,5 текше метр су шашылды.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram