04 наурыз 2024 | 10:50

ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы қаза тапты

Фото:depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында болған. Краншы қаза тапты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, кран сынғаннан кейін жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйретуді сұраған, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, кран жүргізушісін басып кеткен. Алған жарақаттарының нәтижесінде ер адам көз жұмды", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы барған.

Кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормалары сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная