ПОДЕЛИТЬСЯ
01 сәуір 2021 | 09:17
ШҚО мәдениет басқармасы басшысының басы тағы да дауға қалды
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловтың басы тағы дауға қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне және өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловтың басы тағы дауға қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне және өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 наурызда таңертең қаладағы үйлердің бірінің тұрғындары полиция жасағын шақыруға мәжбүр болған. Шенеунік Өскемен әкімдігінің мас қызметкерін пәтерге кіруге көндіре алмай, олардың арасында жанжал туған.
"2021 жылдың 30 наурызында сағат 5.00 шамасында Өскемен қаласының 31 жастағы және 23 жастағы тұрғындары мас күйінде Қабанбай батыр көшесі 109 мекен-жайындағы қоғамдық орында болған. Әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Оларға қатысты 2021 жылғы 30 наурыздағы ҚР ӘҚБтК-ның 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп жауап берді ведомство өкілдері.
ШҚО әкімдігі де жағдайды жоққа шығарған жоқ.
"ШҚО мәдениет басқармасының басшысына қатысты әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат жауапты органдармен бірге тексеріледі. Қорытындысы бойынша заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданады. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - деді ШҚО әкімдігі қызметкерлері.
Айта кетейік, ШҚО мәдениет басқармасының басшысы мұндай дауға бірінші рет қалып отырған жоқ. Бұған дейін Serebro мейрамханасындағы төбелеске қатысушылардың бірі болған. Ол оқиға 2020 жылдың желтоқсанының соңында тамақтану орындарында компаниялар жиналысына қатаң тыйым салынған кезде болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также