ШҚО өртсөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңге алып шықты

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының өртсөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңге алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Түнде Семей көшесіндегі үйде өрт болды. Оқиға болған жерге келген құтқарушыларға үй иесі іште екі газ баллоны, ақша мен құжаттар қалғанын хабарлады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Бүкіл үйді жалын шарпығанына қарамастан, өртсөндірушілер екі баллонды, ақша мен құжаттарды да таба алды. Үй иесіне жеке заттары сол жерде қайтарылды. 

Кейін өрттің шығуына жылыту пешінің дұрыс пайдаланбауы себеп болғаны анықталды.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама