21 маусым 2018 13:59

ШҚО ТЖД өкілдері Желіде тарап жатқан селдің видеосы қайда түсірілгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өкілдері сел түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өкілдері сел түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сел түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторларының айтуынша, сел ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы маңында болған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ.

"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Сел Дағыстанда болған. Бұл туралы 16-18 маусымда жаңалықтардан көрсетілген болатын. Зырян ауданында мұндай төтенше жағдай тіркелген жоқ. Видеоның біздің облысқа қатысы жоқ", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети