"Ішінде 16 жолаушы болған". Қызылордада автобус өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қызылордада №1 жолаушылар автобусы жүріп бара жатқан кезде өртенді. Оқиға кезінде ішінде 16 адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада №1 жолаушылар автобусы жүріп бара жатқан кезде өртенді. Оқиға кезінде ішінде 16 адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін, яғни 1 ақпанда, сағат 13.37-де сол жағалауды оң жағалаумен жалғайтын көпірде болған.

"Қызылорда" автобус паркі" ЖШС-не тиесілі № 1 автобус толық жанып кетті. Автобус маркасы -Zhong Tong Bus. Ішінде 16 жолаушы болған, барлығы өз бетімен шыққан", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Реклама
Реклама

Сағат 13.53-те өрт ауыздықталды. Өрт сөндірушілер өрттің себебін анықтайды.

"Алдын ала болжам бойынша, қозғалтқыштың қысқа тұйықталуынан өрт шықты", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің тоғыз қызметкері мен үш техникасы барды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама