02 маусым 2023 13:13

"Ішінде тапшаны бар". Жамбылдық полицейлер мигранттар мінген ерекше көлікті тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/zhambyl_police

Жамбылдық полицейлер ішінде тапшаны бар автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдық полицейлер ішінде тапшаны бар автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде "Газель" маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Реклама
Реклама

"Тексеру кезінде ерекше дерек анықталды, автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналған. Сондай-ақ, салон ішінде 12 жолаушы болған, оның бесеуі бала болды", - деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәулетбек Жанғабылов.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі ("Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сонымен қатар, азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынған (арест).

"Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқаны анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды" - деді Дәулетбек Жанғабылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram