27 тамыз 2020 14:45

Шолу дөңгелегінен секірмек болған қызылордалықты құтқару сәті видеоға түсірілді

Қызылордада ер адам биіктігі 20 метр болатын шолу дөңгелегінен секірмек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада ер адам биіктігі 20 метр болатын шолу дөңгелегінен секірмек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға 26 тамызда түнгі уақытта қаладағы саябақтардың бірінде болған. Полиция, ТЖД және жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде оқиға орнына барған.

Реклама
Реклама

Саябақта учаскелік полиция қызметкері Бақытжан Досмағамбетов пен жедел уәкіл Айдос Амангелдиев аттракционның жоғарғы жағында тұрған адамды көрген. Ер адам өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқанын айтып айғайлаған. Полицейлермен сөйлесуден бас тартқан. Ешкімді тыңдамаған. 

Ер адам оны құтқаруға қарсы болғанына қарамастан, полиция қызметкері оны төменге түсіре алған. Ер адамды құтқару сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, Желіде жариялаған екен. Видео кадрларынан соңында адамдардың қол шапалақтап жатқанын көруге болады.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram