07 желтоқсан 2021 | 08:40

Шортандыдағы жарылыс: қайғылы оқиғаға кім кінәлі екені аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бірнеше апта бұрын газ баллоны жарылып, бес адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан Шортанды ауылындағы қайғылы оқиғаға кінәлілерді атады. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиғаға үй иесі кінәлі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бірнеше апта бұрын газ баллоны жарылып, бес адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан Шортанды ауылындағы қайғылы оқиғаға кінәлілерді атады. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиғаға үй иесі кінәлі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

"Үй иесі баллонды пешке жақын орнатқан, осылайша, туыстары мен таныстарының өліміне себеп болды. Бұл оның алғашқы кінәсі. Баллонға жанармай құю орындарында газ толтыруға тыйым салынғанын біле тұра, сол жерде баллонға газ толтырған. Бұл - екінші кінәсі", - деді Қазақстан ТЖ министрі Юрий Ильин. 

Юрий Ильин "Абай" кенішіндегі апатқа қатысты да пікір білдірді. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тікелей кінәсі жоқ, деді министр. Журналистердің айтуынша, шамамен екі апта бұрын ол басқа мәлімдеме жасаған. Енді олар қайғылы оқиғаға жұмыс берушінің жанама қатысы барын ғана мойындап отыр.

Реклама
Реклама

"Жабдық әлі дайын болмаған, тек ауысым ауысты. Жұмыс берушінің жанама кінәсі - бұл учаскені ұзақ уақыт бойы геологиялық зерттеу жеткіліксіз болған. Біріншіден, Қарағанды ​​облысының көмір бассейні", - деп түсіндірді Юрий Ильин.

Сондай-ақ, министр қазақстандықтардың өліміне қатысты қайғылы статистиканы жариялады. Мәселен, биыл төтенше жағдайда жеті жүзден аса адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі от пен судан.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды.

21 қарашада 13 жастағы бала ауруханада қайтыс болды, ал 22 қарашада сағат 23.00-де 10 жастағы қыздың жүрегі тоқтап қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная