11 наурыз 2024 17:44

Шри-Ланкада 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды

Фото:depositphotos.com

Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкада 16 жастағы қазақстандықтың қайтыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкада 16 жастағы қазақстандықтың қайтыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 11 наурызда Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне Қазақстан азаматтары кәмелетке толмаған ұлының ауыр халде ауруханада жатқанын айтып, хабарласқан.

"Жағдайды анықтаған кезде оның 5 наурызда суға құлап кеткенін анықтадық, ол құтқарылды. Бірақ 10 наурызға дейін ол ауруханада болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Өкінішке қаай, 10 наурызда бұл жігіт қайтыс болды. Қазір туыстарына көмек көрсетіп жатырмыз. Консул бұл баланың туыстарымен, ата-анасымен байланыста", - деді ол брифингте.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram