Шұғыл шақыртуға бара жатқан: Семейде жүк көлігі мен полиция көлігі соқтығысып қалды

Фото: Абай облысы ПД

Семейде полиция көлігі КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

Семейде полиция көлігі КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

Семейде жүк көлігі мен полицияның қызметтік автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады.

"Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлікпен жүк көлігіне соқтығысқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама