21 ақпан 2014 19:09

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

©Аltaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының мәліметі бойынша 21 ақпан күні Громотуха өзені бассейнінде көлемі 6000 текше метр болатын қар көшкіні жүрді. Көшкін көлік жолын ішінара басып тастады, құрбан болғандар мен қираған нысандар жоқ", - делінген министрлік таратқан хабарламада. Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Алматы облысындағы "Ақбұлақ" туристік базасы аумағында қар көшіп, бір ер адамды басып қалған болатын. Дер кезінде құтқарылып, Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілген зардап шегуші аман қалды. Оның алдында Алматы облысының Талғар ауданында да тауда қар көшіп, бір адамды басып қалған еді. 30 жастағы ер адам қар астында қаза тапты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram