ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2021 | 10:13
"Шымбұлақта" ер адам туристі кабинаға кіргізбей, қызметкерді ұрған
Желіде ер адам "Шымбұлақтағы" арқанжол кабинасына келушіні кіргізбегені түсірілген видео пайды болды. Кейін курорттық аймақ қызметкері туристі кабинаға отырғызуға тырысқанда ер адам оны ұрып жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде ер адам "Шымбұлақтағы" арқанжол кабинасына келушіні кіргізбегені түсірілген видео пайды болды. Кейін курорттық аймақ қызметкері туристі кабинаға отырғызуға тырысқанда ер адам оны ұрып жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ер адам дөрекі түрде кабинаға басқа қонақтың кіруіне рұқсат бермеді. Қызметкер қонақты кабинаға отырғызуға тырысқанда, ер адам есікті жауып қана қоймай, оны ұрып жіберді", - деді "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов.
Оның айтуынша, тұтынушылар демалыс орны ережелерінде көрсетілгендей, арқан жолдарындағы ережелерді (8 орын) сақтауы тиіс. Егер бөтен адамдарсыз жалғыз отырғыңыз келсе, онда кабинадағы әр орын үшін ақша төлеуіңіз қажет болады.
"Елестетіп көріңізші, кабинадан орын сатып алдыңыз және дәл осы сияқты жалғыз жүргісі келген жолаушы сізге орын бермейді. Мысалы, ұшақтарда ешқандай жағдайда бұзуға болмайтын ережелер тізімі бар. Ережені бұзған адамға ескертуден бастап, қамауға дейін апаратын жаза қарастырлған. Мысалы, ұшақ бортында жұдырықтасу. Мұндай жағдайлар тұтқындау, "қара тізімге" енгізумен аяқталады. Мұндай клиентке болашақта осы әуекомпаниямен ұшуға мүмкіндік болмайды", - деді Әбдірахманов.
Алматы полиция департаменті мәліменше, бұл құқықбұзушылық көпшілік алдында қудалау және айыптау санатына жатады.
"Медеу аудандық ПБ тергеушілері осы іске байланысты соталды тергеу ісін бастады", - деді Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Полиция қызметкерлері 1984 жылы туған ер адам "Шымбұлақ" қызметкеріне соққы жасағанын анықтады.
Тергеуден кейін "Шымбұлақ" қызметкері курорт қонағымен қақтығыс сол жерде аяқталғанын айтып, арыз жазудан бас тартқан. Құқықбұзушыға шағымдар болған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также