Шымбұлақтағы қар көшкіні: бір адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстративное фото:elements.envato.com

"Шымбұлақ" тау шаңғы кешенінде бір адам қайғылы оқиға салдарынан қаза болды. Ол шаңғы теуіп жүріп, көшкінге тап болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымбұлақ" тау шаңғы кешенінде бір адам қайғылы оқиға салдарынан қаза болды. Ол шаңғы теуіп жүріп, көшкінге тап болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 10 наурызда болған. Таңертеңгі сағат 10.58-де курорт құтқарушыларына Комби-2 сегізінші баған аумағында көшкін жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына сағат 11.02-де келген құтқарушылар қар көшкіні маңынан денені тапқан.

"Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11.05-те шаңғышы шала жансар күйде табылды. Ол сырғанауға рұқсат етілген таңбаланған трассалар шегінен шығып, қоршау арқылы сырғанаудан тыс аймаққа ұшып кеткен. Ер адамда қар көшкін жабдықтары болмаған", - деді курорттың баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Сағат 11.25-те ол медпунтке жеткізілді, ол сағат 11.29-да сол жерде қаза болды.

"Ер адам бас жарақатын алған. Курорт әкімшілігі отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама