05 қазан 2021 | 16:55

Шымкент мектебінде үш бала бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті

Шымкент мектептерінің бірінде үш бала бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент мектептерінің бірінде үш бала бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 5-қазанда сағат 10.30-да болған. Үш жедел жәрдем қызметі бригадасының мамандары жеті оқушы мен бір мектептің қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Белгісіз затқа уланған үш оқушы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ауруханаға жеткізілген науқастар құсқысы келіп, тамағы ашып, бас айналуына шағымданған. Жасөспірімдердің барлығына ауруханада оксигенотерапия емі бойынша медициналық көмек көрсетілді. Оқушылар екі сағат бақылауда болып, жағдайының жақсаруына байланысты үйлеріне қайтарылды", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Шымкент полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ. 

Aibat жаңалықтар қызметінің мәліметінше, үзіліс кезінде 9-сынып оқушысы бұрыш баллонын шашқан. Спрей қыздың әкесіне тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная